Атбасарда футбол матчы кезінде 58 жастағы ойыншы көз жұмды
Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен футбол жарысы кезінде Астанадан келген 58 жастағы ойыншы қайтыс болды.
Ер адам матч барысында өзін жайсыз сезінген. Кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1968 жылы туған азаматтың қайтыс болу дерегі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жұмысының бұзылуы себеп болуы мүмкін», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.