Жарнама
Жарнама

Луиш Нани Ақтөбедегі көпбалалы отбасыға баспана кілтін табыстады

Редактор
Бүгін, 14:21

Португалиялық футболшы көпбалалы отбасында өскенін атап өтті

ФК “Ақтөбе”

«Ақтөбе» клубының португалиялық футболшысы Луиш Нани қайырымдылық шарасына қатысып, алты баласы бар отбасыға жаңа баспананың кілтін табыстады.

Игі шара Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өтті. Бұған дейін жалдамалы үйде тұрған отбасыға баспана «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қорының әлеуметтік жобасы аясында берілді.

Кездесу кезінде Нани отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, балалармен естелік суретке түсті. Сондай-ақ оларға өзінің қолтаңбасы қойылған «Ақтөбе» клубының жейдесін сыйлады.

Португалиялық футболшы көпбалалы отбасында өскенін айтып, баспаналы болудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінетінін жеткізді.

«Жас кезімде біздің отбасымыздың жағдайы өте қарапайым болды. Бауырларыммен бірге шағын үйде тұрдық. Кейін жаңа баспанаға көшкен сәттегі сезім әлі есімде. Сондықтан сіздердің қазіргі қуаныштарыңызды жақсы түсінемін. Адамдарға көмектесіп, олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге үлес қосу мен үшін үлкен бақыт», — деді Нани.

Луиш Нани «Ақтөбе» сапына 2026 жылғы қаңтарда қосылып, кәсіби мансабын қайта жалғастырған еді. Бұған дейін ол «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия» және «Лацио» секілді танымал клубтарда өнер көрсетті. Португалия құрамасымен бірге 2016 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Материалда: