Месси мен Суарес төрт гол соғып, америкалықтарға тағы да мастер класс көрсетті (ВИДЕО)

Редактор
03.03.2024, 13:15

Уругвайлық шабуылшы АҚШ-қа биыл қаңтарда көшіп келді

Megan Briggs / Stringer / Getty Images Sport

Футболдан АҚШ чемпионатында «Интер Майами» өз алаңында «Орландо Сити» командасын қабылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчта «Интердің» шабуылшылары Лионель Месси мен Луис Суарес дубль жасаса, Роберт Тейлор бір гол соғып көзге түсті. Айта кету керек, Суарестің хет-трик жасайтын мүмкіндігі болған. Алайда, ол өз мүмкіндігін Тейлорға сыйлады.

Осылайша 7 ұпай жинаған «Интер Майами» Шығыс конференциясында бірінші орынға шықты. Месси болса үш голмен бомбардирлер көшін бастап тұр.

Ал, уругвайлық Луис Суарес америкалық клуб сапына биыл қаңтар айында қосылды. Бұған дейін ол Бразилия чемпионатындағы «Гремио» клубында ойнаған.