Артета шәкірттері шәкірттері соңғы 7 ойында 31 гол соғып, өз қақпасына небәрі 3 гол жіберіп алған
Ағылшын Премьер-лигасындағы соңғы ойындардың бірінде «Шеффилд Юнайтед» пен «Арсенал» кездесіп, қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз алты гол соқты.
Былтыр қолда тұрған чемпиондықтан айрылып қалған лондондық клуб биыл сол қателігін түзеткісі келетін сыңайлы. Артета шәкірттері АПЛ-дегі соңғы жеті ойынның бәрінже жеңіске жетіп, қарсыластарының қақпасына 31 гол соққан және өз қақпасына небәрі үш гол ғана жіберіп отыр.
Бүгінгі Шеффилдтегі жеңісінен кейін «Арсенал» турнир кестесінің үшінші сатысына нық орналасып, бірінші келе жатқан «Ливерпульден» ұпай айырмасы үшеуге дейін қысқарды.
Келесі ойынын лондондық клуб өз алаңында «Брендфордқа» қарсы өткізеді.