Грекия құрамасы Қазақстанмен ойынға дайындалу үшін ішкі чемпионатты тоқтатпақ

Редактор
05.03.2024, 11:53

Қос құрама Еуропа чемпионатының жолдамасын да сарапқа салады

vk.com/greece2004

Грекия Футбол федерациясы 21 наурызда Қазақстан құрамасымен болатын матчқа тыңғылықты дайындалу үшін ішкі чемпионатты уақытша тоқтатпақшы. Федерация осыгдай ұсыныспен Грекия Суперлигасына шықты.

Ұлттар Лигасының жартылай финалында Афиныда Қазақстанмен болатын матч екі команда үшін де өте маңызды. Финалға шығып, жеңімпаз атанғаны Еуропа чемпионатына жалғыз жолдламаны жеңіп алады.

Қазақстан футболшылары Еуро-2024 чемпионатына жолдама алған жағдайда F тобында өнер көрсететін болады. Ол топта қазір Португалия, Түркия және Чехия бар.