УЕФА Чемпиондар лигасы биылдан бастап жаңа форматта өтеді

Редактор
05.03.2024, 03:34

Енді командалар бұрынғыдай топқа бөлініп ойнамайды

Фото ашық дереккөзден

Еуропа Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы маусымы жаңа форматта өтетін болды. УЕФА өкілдері футболшылар мен жанкүйерлерге жаңа талаптарды түсіндіріп берді.

Бұған дейін аталған турнирге 32 команда қатысып келген болса, биылдан бастап олардың саны 36-ға өседі. Сондай-ақ, командалар енді 8 топқа бөлінбейді, бәріне ортақ бір кесте болады. Ал, әрбір команда 8 матч өткізеді: төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда.

Плей-офф кезеңіне қазіргідей 16 клуб емес, 24 клуб шығады. Олардың үздік сегізі тікелей 1/8 финалға жолдама алса, 9-24 орындар алған командалар өзара екі матчтан ойнап (өз алаңында/қонақта), жеңімпаз болған сегізі келесі айналымға өтеді. 25-36 орын алған клубтар жарысты аяқтайды.