ФИФА рейтингісі: Қазақстан алғашқы жүздікте

Редактор
27.10.2023, 13:16

Ұлттық құрама соңғы ойында Финляндияны жеңді

kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның рейтингінде өз позициясын жақсартты. Жаңартылған тізімде командамыз 2 саты жоғарылып, 98-орынға жайғасты. 

Естеріңізде болса, қазан айында Магомед Адиев шәкірттері Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 2 кездесу өткізген еді. Данияға қарсы матчта біздің команда 1:3 есебімен жеңілсе, Финляндиядан 2:1 есебімен айласын асыра алды.

Жалпы, Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы рейтингінде Қазақстанның ең жақсы көрсеткіші 2016 жылы болды. Сол кезде біздің команда 86 орынды иеленген болатын.