"Ордабасы" чемпиондығы: Ермұхамед Мәулен мен Марат Достаев дауласып қалды

Редактор
27.10.2023, 20:03

Құрметті БІРІНШІ БОЛ көрермені. Біз үнемі сапалы контент ұсынудан шаршадық, сол себепті бүгінгі подкастың сапасына кешіріммен қараңыздар.

Скриншот

"Ондай-ондай ханның қызында да болады" демекші, біздің де басымыздан өтіп жатыр. Осындай сапасыз видео үшін шымкенттік операторларға "алғыс" айтамыз. Той түсіріп әдеттенген адамға қалай ҚОЙ дейміз! Қолын қақпадық, түсіргенін жариялап отырмыз. Оларға түсірілім үшін ақысы төленді, ал біз қарымтасына сапасыз видео алдық.

Кішігірім спойлер: подкаст барысында үйін ремонттап, бұрғылап (дрель) жатқан бір шымкенттіктің әрекетін анық естисіз. Үшеуара әңгіме бітетін тұста жарық сөніп қалып, әпенділіктің шыңына жетеміз. Бұл подкаст осындай "қожанасыр" тірлікпен, әсіре әпенділікпен есте қалды. 

Қысқасы, Шымкент төрінде "Орбасының" тарихи жеңісі туралы, тырнақалды чемпиондығы жайлы сөз қозғадық. Көп қызық айтылды. Белгілі КВН-ші Марат Достаев "Ордабасы" жеңісіне қалай қуанғанын айтса, белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен шымкенттік клубтың болашағы жайлы кеңінен көсілді.