Нұралы Әліп Грекия – Қазақстан матчын стадионнан тамашалайды

Редактор
14.03.2024, 14:59

Ол Грекияны жеңетінімізге сенімді

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы мен «Зенит» футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп ұлттық құраманың Грекияға қарсы ойынына қатыспағанымен, аталған матчты стадионда отырып тамашалайды. Бұл туралы ол «РБ Спорт» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, «сары қағаздың» көптігіне байланысты Нұралы Әліп Ұлттар лигасының маңызды матчына қатыса алмайды. Ал, Қазақстан Грекияны жеңген жағдайда ол финалда алаңға шығады.

«Мен Ұлттық құрамаға барамын. Бізде Грекиямен маңызды матч бар. Егер одан өтсек Грузиямен ойнаймыз», - деп сеніммен айтты футболшы.

Еске салайық, Грекия – Қазақстан матчы 21 наурызда Афиныда өтеді.