Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Түрікменстанды жеңді

Редактор
15.03.2024, 00:27

Матч жабық жағдайда өтті

Қазақстан бокс федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметі.

Ойын жабық өтті. Оған жанкүйерлер де, журналистер де кіргізілген жоқ. Өйткені, бұл – алда болатын Грекиямен маңызды матчқа дайындық.

Қазақстан ойын бастала салысымен есеп ашты. Екі минутта қарсылас қақпасына дәл соққысымен көзге түскен – Ислам Чесноков. Қызығы сол, екінші гол екінші таймның екінші минутында кірді. Бұл жолы Александр Зуев алыстан қақпа тоғыздығын дәл нысанаға алды.

Еске салайық, 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан сырт алаңда Грекиямен кездеседі. Жеңіске жеткені финалда не Грузиямен, не Люксембургпен ойнайды. Финал жеңімпазына Еуропа чемпионатының жолдамасы беріледі.