«Алланың сынағынан қаша алмайсың»: Поль Погба басына түскен қиындықтары туралы айтты

Редактор
16.03.2024, 11:16

Ұзақ уақыт жарақаттан емделген футболшы футболдан төрт жылға шеттетілген

Getty Images

Футболдан Франция құрамасы мен туриндік «Ювентустің» жартылай қорғаушысы Поль Погба соңғы жылы басына түскен қиындықтар туралы айтып, көпшілікті сынаққа төзімді болуға шақырды.

Айта кетейік, ұзақ уақыт жарақатына байланысты алаңға шықпаған футболшы былтыр допинг қолданды деп айыпталып, тағы төрт жылға үлкен спорттан шеттетілген болатын.

«Осы жылы көп нәрсені үйрендім, енді есейген сияқтымын. Алла жіберген сынақтан ешқашан қашып құтыла алмайсың. Тек жаманды көру оңай. Бірақ, не жағдай болғанына қарамастан бақытты сәттерді іздеу керек екен. Барлық жақсы, жаман және қиын кездерім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік етемін», - деп жазды Погба әлеуметтік желідегі парақшасында.

2023 жылдың қазан айында футболшының допинг сынамасынан екі рет тыйым салынған препарат анықталған. Оның адвокаттары дисквалификация мерзімін төрттен екі жылға қысқартуды сұрағанымен, бұл нәтиже берген жоқ.

Материалда: