Араб жанкүйерлері Роналду мен командаластарына шабуыл жасады (ВИДЕО)

Редактор
16.03.2024, 10:48

Бір ойыншы жарақат алды

dailymail.co.uk

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті турында «Әл-Наср» мен «Әл-Ахли» ойнаған болатын. Матч 1:0 есебімен «Әл-Насрдың» жеңісімен аяқталды

Ойындағы жалғыз голды Криштиану Роналду пенальтиден соқты. Осы голға қуанып жатқан ойыншыларға трибунадан жанкүйерлер түрлі заттар лақтырған. Суға толы пластикалық шөлектердің бірі «Әл-Наср» ойыншысының басына тиді. Тағы бірі Роналдуға тие жаздады.

Еске салайық, «Әл-Наср» осы аптада Азия Чемпиондар лигасының ширек финалында «Әл Аин» клубынан жеңіліп қалды. Роналду ашық тұрған қақпаға гол соға алмаса, матч соңындағы пенальтиде оның командаластары үш рет мүлт кетті.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i