«Фенербахче» ойыншылары жанкүйерлермен жойқын төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

Редактор
18.03.2024, 02:58

«Трабзонспор» клубына енді ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

Getty Images

Футболдан Түркия Суперлигасының 30-туры аясында «Трабзонспор» өз алаңында «Фенербахчені» қабылдап, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

87-минутқа дейін таблода тең есеп сақталып тұрған. Алайда, қонақтар сапынан Батшуайи-Атунга гол соғып, «Фенербахчеге» жеңіс алып келді.

Төрешінің финалдық ысқырығы естілісімен фанаттар алаңға лап қойды. Олар қонақ команданың футболшыларымен жаппай төбелесіп, тәртіп сақшылары ашулы топты әзер ажыратты. Ал, мұнан кейін «Фенербахче» футболшылары киім ауыстыру бөлмесіне күзетшілермен бірге барды.

Осынау тәртіпсіздікке байланысты «Трабзонспор» клубына енді ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, «Фенербахче» турнир кестесінің екінші сатысында тұрса, «Трабзонспор» үшінші келеді. Алайда, олардың ұпай айырмашылығы тым алшақтап кеткен (-30 ұпай). Ал, турнирдің аяқталуына небәрі 8 тур қалды.