Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрамаға келіп қосылды (ФОТО)

Редактор
18.03.2024, 02:11

Енді «Зениттен» Нұралы Әліп келуі тиіс

Қазақстан футбол федерациясы

Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан футболдан Қазақстан құрамасына Түркия чемпионатында ойнап жүрген Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов келіп қосылды. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Зайнутдинов – Стамбұлдың «Бешикташында», Айымбетов «Адана Демирспор» клубында ойнап жүргені белгілі. Енді құрама сапына Санкт-Петербургтен Нұралы Әліп келуі керек.

Еске салайық, 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Афиныда Грекиямен кездесу өткізеді. Жеңгені финалға шығып, бірінші орынға және Еуропа чемпионатына берілетін жолдамаға таласады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама