Футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы туры көрермендерсіз өтетін болды

Редактор
29.10.2023, 00:01

Бұл күні 6 матч өтеді

astanagid.kz

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған қайғылы оқиғадан кейін бүкіл ел аумағында 29 қазан қаралы күн болып жарияланды.

Бұл күні футболдан Қазақстан чемпионатының 26 турында 6 матч жоспарланған. Олардың барлығы көрермендерсіз өтеді деп хабарлады «Ақтөбе» футбол клубының спорттық директоры Асхат Қалжанов. 

Сондай-ақ, ойындардың барлығы бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Жексенбі күні биылғы маусымның соңғы ойынын төмендегі командалар өткізеді:

  • Қызылжар – Қайсар
  • Атырау – Қайрат
  • Ақсу – Тобыл
  • Каспий – Ордабасы
  • Шахтер – Астана
  • Ақтөбе – Жетісу

Айта кетейік, биылғы маусымда шымккенттік «Ордабасы» уақытынан ерте Қазақстанның чемпионы атанып қойды. Ал, «Каспий» мен «Ақсу» Премьер-лигадан шығып қалды.

Материалда: