Роналдудың сүйіктісі киім киісі үшін стадионнан қуылды

Редактор
28.10.2023, 22:03

Даңқты футболшы бұл ойында екі гол соққан болатын

Фото ашық дереккөзден

«Әл-Наср» командасының соңғы ойыны Роналдудың отбасы үшін даумен аяқталды. Футболшының сүйіктісі Джорджина Родригес арабтардың дәстүріне сай киінбегені үшін ойыннан ерте қайтуға мәжбүр болған.

«Әл-Наср» мен «Әл-Духейл» командалары арасындағы кездесуге Джорджина алаң иелерінің жейдесі мен тар шалбар киіп келген. Мұның өзі жергілікті халықтың салтына сай келмейді. Осыған байланысты клуб өкілдігі Роналдудың сүйіктісіне ескерту жасап, жұрт көзіне түспеуді өтінген.

Өз кезегінде, Криштиану Роналду аталған ойында екі гол соғып, өз командасын жеңіске жеткізді.