Грекия мен Қазақстан қай стадионда ойнайды?

Редактор
21.03.2024, 13:19

Стадион сыйымдылығы – 30 000 орын

Фото ашық дереккөзден

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекиямен кездеседі. Бұл ойын Афинадағы «Айя-София» стадионында өтеді.

Неліктен Грекия футбол федерациясы осы стадионды таңдады дегенге келсек, негізінен бұл нысан жаңадан салынған. Пайдалануға бар-жоғы 2022 жылы берілген. Сонымен қатар, жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолағы жоқ. УЕФА-ның барлық салаптарына сай. Былтырғы УЕФА Конференция лигасының финалын қабылдаған. Бірақ сыйымдылығы аса көп емес. 30 мыңнан сәл астам көрерменге ғана арналған.

Ал бұған дейін Грекия құрамасы негізінен 69 мың көрерменге арналған Олимпиадалық стадионда ойнап жүрген еді.

Енді, «Айя-София» стадиона келсек, бұл – АЕК командасының өз алаңындағы ойындарды қабылдайтын стадион. Нысан ішінде жейде, шарф және АЕК пен Грекия құрамасыра қатысты брендтер сатылады. 

Қазір стадионды OPAP-Арена деп атайды. Бұл сол елдегі ірі букмекерлік кеңселердің бірі. Стадионның ішінде лотерия ойнауға болады.

Айта кетейік, Грекия-Қазақстан матчын тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Матч 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді. Трансляция Астана уақытымен 00:35-те басталады.