Әйгілі бразилиялық футболшы Робиньо 9 жылға сотталды

Редактор
21.03.2024, 13:32

Жазасын ол Бразилия түрмесінде өтейді

ISTOE independente

«Манчестер Сити» клубының экс-ойыншысы, бразилиялық Робиньо жабылып қыз зорлағаны үшін айыпты деп танылып, 9 жылға сотталды деп хабарлады Daily Mirror..

Бұл қылмысты спортшы 2013 жылы қаңтарда жасаған. Өзінің бес досымен бірге ол Италиядағы түнгі клубта бір қызды жабылып зорлаған.

2017 жылы Робиньоны Бразилия соты аталған қылмыс бойынша айыпты деп таныған. Ол ақталуға тырысып, бірнеше рет кері арыз жазғанымен, бұл ісінен түк шықпады.

Соңғы жеті жылда футболшы Бразилияда бостандықта өмір сүрді. Италия оның ордерін бірнеше рет сұрағанымен, Бразилия билігі бұл талапты орындамай келген еді.

Алайда, осы аптада Бразилияның Жоғарғы соты Робиньоны түрмеде жазасын өту керек деген шешім шығарды. Енді ол тек 49 жасында ғана бостандыққа шығады.

Робиньо 2008 жылы «Манчестер Сити» сапына 32,5 млн фунт стерлингке ауысқан болатын. Бұл сол кездегі өлшеммен өте үлкен сома еді. Алайда, бразилиялық футболшы Англия чемпионатында небәрі 1,5 жыл ойнады.