Польшалық футболшы арқасына Қайрат Боранбаевтың суретін тату ретінде салдырмақ

Редактор
26.03.2024, 03:32

Оның қазақстандық олигархқа деген құрметі шексіз

Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» клубында капитан болған Польша құрамасының экс-ойыншысы Яцек Гуральски арқасына ерекше тату салдырмақ.

Онда өзі ерекше құрметтейтін 10 адамның бейнесі болады. Олардың қатарында «Қайрат» футбол клубы Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев пен экс-бапкері Алексей Шпилевскийдің суреті де бар.

«Мен осындай татуировка салдырғым келеді. Өйткені бұл адамдарды ерекше құрметтеймін. Менің өміріме көмегі тиді», - деді Гуральски Польша футбол одағының сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Яцек «Қайрат» сапында 2020-2022 жылдары ойнады. Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, ел кубогын иеленді. Ол кезде Алматы командасын беларусь бапкері Алексей Шпилевский жаттықтырған.