Қазақстан бапкері Грекиямен ойынға қатысты сұхбат берді
Қазақстан ұлттық құрамасы 26 наурыздан 27-сіне қараған түні Люксембург құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Осы ойынның алдында ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев баспасөз мәжілісін өткізіп, тілшілердің сауалына жауап берді.
- Грекиядағы жеңілістен кейін команданың көңіл күйі қалай?
- Әрине, көңіл жабырқаулы. Қазақстан тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды. Әлі де ойымыздан кете қойған жоқ, өкініп отырмыз. Дегенмен, өткенді ұмыту керек. Жанкүйерлеріміздің көз алдында есімізді жию қажет.
- Алдағы ойында Игорь Шацкийдің орнына басқа қақпашы шыға ма?
- Қақпашылар бапкерімен сөйлестім. Шацкийді ауыстырамыз деп сұрадым. Бірақ ол Грекиядан бес гол жібергеннен кейін еңсесін түсірмеген. Психологиялық тұрғыдан қалыпты. Сондықтан алғашқы минуттан Люксембургпен матчта Игорь өзі шығады.
- Енді матчта ротация көреміз бе?
- Ротация болады. Жаңа ойыншыларды байқап көреміз. Болашаққа қарау керек. Грекиямен кездесумен салыстырғанда өзгерістер жасаймыз.
- Афиныда осыған дейін құраманың бет-бейнесі болып келген Оразов, Айымбетов, Тағыбергендер негізгі құрамға ілінбеді. Олар алғашқы минуттан алаңға шығуға еңбегі сіңбеді ме?
- Футболда ондай түсінік болмайды. Футболда жаттығуда кім өзің көрсетеді – сол ойнауы тиіс. Тәжірибелі ойыншылармен сөйлестім. Менің шешімім көбіне ұнаған жоқ. Бірақ мен ондай таңдауды эмоцияға беріліп қабылдай салмадым. Барлығы жаттығудағы жұмыстың нәтижесіне байланысты қабылданды. ҚФФ президенті мен басқа басшыларға жаттығудың видеосын көрсетіп, олардың неге алаңға шықпағанын көрсетіп бере алатынымды айттым.
Ол жігіттер қазақ футболы үшін, мен үшін де көп еңбек етті. Барлық жағдайда қасымнан табылып, қолдау көрсетті. Алайда, футболды алдай алмайсың. Кім сол сәтте дайын, сол алаңға шығуы тиіс. Әзірге осында жұмыс істеп жатқанымда бұл принцип өзгермейді.
Мынау жас, мынау үлкен деп қарамаймын. Мысалы, Әділет Садыбеков жаттығуда бәрінен үздік болса ойнатамын. Одан танымал атағы шыққан футболшы болып тұрса да қарамаймын.
Сосын тактикалық нюанстар болады. Футболшы алғашқы минуттан алаңға шығуға еңбегі сіңген болуы мүмкін. Бірақ екінші таймда қосалқы құрамнан қосылып, ойынды жандыратындар керек болады. Рамазан Оразов осы мақсатта ұстап отырдым. Асхат Тағыберген бабында емес еді. Сондықтан кездесу соңында 20-30 минутқа ойнатамыз деп жоспарлағанбыз. Абат Айымбетов қандай шамада екенін білмедім. Ол Түркияда қосалқы құрамда отыр. Оқу-жаттығу жиынына тек соңғы күні келді. Сол себепті тәуекелге бара алмадық. Еркін Тапалов пен Бағдат Қайыровтың арасында таңдау соңғысына түсті. Өйткені оң қапталда Игорь Чесноков шабуылдағанда қорғанысқа көмектесуге Бағдат қолайлы.
Бірақ нәтиже катастрофа болды. Оны мойындаймыз. Дегенмен, жүрегіміз соғып тұрғанда, құрама үшін өз жолымызды жалғастыруымыз керек.
Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i