Елімізде футболшылардың жалақысы шамадан тыс көп – Қайрат Боранбаев

Редактор
30.03.2024, 00:17

Маманның пікірініше, елімізде футбол нарығының жетілуіне әлі 10 керек

Фото ашық дереккөзден

«Қайрат» ФК бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Business fm радиосындағы «Деловое утро» подкастында Қазақстан футболының даму деңгейі туралы айтты.

«Соңғы 10 жылды қарайтын болсақ, бізге шетелдік мықты командалармен ойнау қиынға соқты. Осыдан кейін UEFA «Ұлттар лигасы» арқылы рейтингі жобалас құрамаларды бір-бірімен ойнататын болды. Сөйтіп, жағдайды реттеуге тырысты. Бізге де ұпай үшін таласуға мүмкіндік туды. Грузия құрамасында үш ойыншы ғана өз еліндегі чемпионатта өнер көрсетеді екен. Ал, бізде 20 футболшы Қазақстанда, үшеуі ғана өзге біріншілікте доп тебеді. Яғни, бізде футболшылардың жалақысы шамадан тыс көп, ешбірі елден кеткісі келмейді», - дейді Қайрат Боранбаев.

Оның айтуынша, мемлект пен жеке демеушілер инфрақұрлым болмай футбол дамымайтынын түсінуі керек.

«Сол кезде әділ селекция жүргізіліп, мықты таланттарды анықтай аламыз. Өзім футболды жақсы көремін. Позитивті өзгерістер болғанын қалаймын. Өкінішке қарай, Қазақстан футболының ішкі чемпионатында жұлдыздар жоқ. Бізге легионерлер қажет, бірақ бірінші кезекте ішкі потеницалды қалыптастыру маңызды. Футбол – бизнес пен жарнамалық табыс үшін керемет тауар. Дегенмен, нарық жетілуі керек. Менің ойымша, біз бұған 10 жылдан кейін жетеміз»,  - дейді «Қайрат» футбол клубының басшысы.