Неймар «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін

Редактор
30.03.2024, 11:52

Ол былтыр қазан айында ауыр жарақат алған

Getty Images

Саудиялық «Әл-Хилал» клубының шабуылшысы Неймар өзінің жұлдызы жанған «Барселонаға» қайта ауысқысы келеді. Бұл туралы sport.es сайты жазды.

Дереккөз мәліметінше, бразилиялық ойыншы жарақаты жазылғаннан кейін бір жыл көлемінде каталондық клубта арендалық негізде өнер көрсеткісі келеді. Алайда, арабтар оның өтінішне әлі нақты жауап бермеген.

Айта кетейік, Неймардың ұзақ уақыт ойнамағанына қарамастан «Әл-Хилал» клубы Саудия чемпионатында көш бастап келеді. Команда соңғы 29 матчта жеңіске жеткен. Ал, Криштиану Роналду ойнайтын «Әл-Наср» болса екінші орында.

Неймар биылғы маусымда небәрі бес матчқа қатысып, бір рет гол соққан. Ауыр жарақат алуына байланысты ол ұзақ уақыт емделіп жатыр.

Материалда: