«Арсенал» ойыншысы Александр Зинченко Ресейге қарсы соғысуға дайын екенін мәлімдеді

Редактор
06.04.2024, 13:41

Ресей Украинада 2022 жылдың ақпан айынан бері соғыс жүргізіп жатыр

arsenal.com

Лондонның «Арсеналында» ойнайтын украиналық футболшы Александр Зинченко дәл бүгін футболды тастап, қолына қару алуға дайын екенін мәлімдеді.

BBC Sport тілшісімен болған сұхбат барысында ол бірінші орынға спорттағы мансабын емес, елінің амандыфғын қоятынын айтты.

«Егер мобилизация болып, соғысқа шақырса бәрін тастап, қолыма қару алуға дайынмын. Менің сыныптастарымның көбі қазір соғысып жатыр. Мен мына жақта футбол ойнап жүрмін, олар қолына қару алып елін қорғап жатыр. Ақылға кейде қонбайды», - деді Зинченко сұхбат барысында.

Айта кетейік, Владимир Путин режимі 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинада соғыс жүргізіп жатыр. 2014 жылы Қырымды басып алған Ресей бұл жолы да Украинаның бірнеше облысын тартып алуға әрекет етіп жатыр.