Түркия құрамасының экс-ойыншысы Зайнутдиновті алаңға шығармауды талап етті

Редактор
06.04.2024, 15:06

Ол жергілікті жастарға жол беру керек деп есептейді

Бешикташ ФК

«Бешикташ» пен Түркия құрамасының экс-қорғаушысы Али Эрен Бешерлер стамбұлдық клубтың бас бапкеріне талап қойып, ақыл-кеңесін айтты.

Оның пікірінше, Фернанду Сантуш жергілікті жас футболшыларға мүмкіндікті көбірек беруі керек.

«Матч барысында ойыншы алмастыруда бас бапкер ең алдымен жас футболшыларды алаңға шығаруы керек. Мәселен, Демир Эге Амартидің орнына, ал Эмреджан Узунхан Зайнутдиновтің орнына ойнауы тиіс», - дейді Бешерлер.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Бешикташ» турнир кестесінің төртінші сатысында келеді. Клубқа бас бапкер болған португалдық маман Фернанду Сантуш Бақтиер Зайнутдиновті жартылай қорғаушы позициясынан қорғаушы позициясына ауыстырды.