Месси үмітін үзсін, биыл «Алтын допты» Джуд Беллингем алады – Goal басылымы

Редактор
09.04.2024, 02:53

Роналдудың да мүмкіндігі аз

Getty Images

Жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» сыйлығын биыл мадридтік «Реал» ойыншысы Джуд Беллингем алуы тиіс деп жазады әйгілі Goal басылымы.

Аталған БАҚ жылдағы дәстүр бойынша ең мықты футболшылардың рейтингін дайындаған. Бұл тізімнің көшін Беллингем бастаса, екінші сатыда француз Килиан Мбаппе (ПСЖ) тұр. Ал, үздік үштікті ағылшын Фил Фоден («Манчестер Сити») қорытындылап тұр.

«Алтын допты» ең көп жеңіп алған Лионель Месси рейтингте 20-орында тұрса, тағы бір даңқты футболшы Криштиану Роналду 19-сатыға жайғасқан.

Беллингем футболдағы мансабын «Бирмингем Сити» клубында бастады. Мұнан кейін оны дортмундтық «Боруссия» сатып алса, былтыр мадридтік «Реалдың» қатарын толықтырды. Корольдік клубта ағылшын ойыншысы 23 матч өткізіп, 16 гол соққан.