Оның командасы жеңіліп қалды
Футболдан Сауд Арабиясы Суперкубогінің жартылай финалында әйгілі Криштиану Роналдудың клубы «Әл-Наср» «Әл-Хилалдан» жеңіліп қалды. Ал, жүйкесі сыр берген Роналду алаңнан қуылды.
Матчтың 86-минутында «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду қарсылас команданың ойыншысын шынтақпен ұрып құлатып, «қызыл қағаз» алды. Алаңнан кетіп бара жатып португалдық футболшы төрешіге шапалақ ұрып, жанкүйерлерді де осылай істеуге шақырды.
Айта кетейік, «Әл-Хилал» – «Әл-Наср» жұбының жеңімпазы финалда «Әл-Иттихадпен» кездеседі.