Неміс жанкүйерлерінің стадионға кіруіне УЕФА тыйым салған
Футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының ширек финалында кездескен «Арсенал» мен «Бавария» арасындағы кездесуде жанкүйерлер төбелесті.
Аталған матч Лондондағы «Эмирейтс - Эшбертон Гроув» стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Англиялық жанкүйерлер өздерінің арасында неміс жанкүйерінің отырғанын ұнатпай, оны ұра бастаған.
Арсеналдық фанаттардың ашуына тигені – Германия азаматтарының футболды стадионнан тамашалауы. Өйткені, УЕФА бұған дейін «Бавария» жанкүйерлерінің стадионға келуіне тыйым салған еді.«Лациомен» болған ойында олар алаңға отшашу лақтырып, комиссия тарапынан жазаланған.
Ал, соққыға жығылған «Бавария» фанатын стюарттар арашалап, сектордан алып шығып кетті.