«Жетісай» «Оқжетпес» қақпасына жауапсыз екі гол соғып, маңызды жеңісіне қол жеткізді

Редактор
11.04.2024, 15:26

Жетісайлық клуб былтыр Екінші лигада чемпион атанған

Жетісай ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында екінші тур ойындары өтіп жатыр. Түркістан облысының «Жетісай» клубы өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, жетісайлық команданың құрылғанына небәрі екі жыл болған. Ал, «Оқжетпес» былтырға дейін Премьер-лигада өнер көрсетіп келген азулы команда. Ал, оның қақпасына жауапсыз екі голды жергілікті футбол мектебінің түлегі – 17 жастағы Ернар Қоспаев соқты.

Осылайша, «Жетісай» Бірінші лигадағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізіп отыр. Бұған дейін команда Екінші лигада өнер көрсетіп, чемпион атанған болатын.

Ернар Қоспаев бұған дейін U-17 Қазақстан құрамасына шақыртылған. Қазір Бірінші лиганың сұрмергендерінің бірі.

Материалда: