Нұралы Әліп әлде Родригао? «Зенит» ойыншылары команданың мықтысын анықтады (ВИДЕО)

Редактор
12.04.2024, 00:14

Қазақ футболшысы жаттығу кезінде бірнеше ойыншыны жамбасқа салып лақтырған еді

Зенит ФК

«Зенит» футбол клубының (Санкт-Петербург) ойыншылары командадағы физикалық тұрғыда ең мықты футболшыны анықтады.

Атап айтқанда, «Зениттің» төрт ойыншысы арасында сауалнама жүргізіліп, олардан командадағы ең күші футболшынығ кім екені сұралған. Серб қорғаушысы Страхиня Эракович пен жартылай қорғаушы Александр Ерохиннің ойынша, бұл мәртебеге бразилиялық легионер Родригао лайықты. Өйткені оның дене бітімі өте ірі. Ал, шабуылшы Иван Сергеев пен қорғаушы Марио Фернандес «Зенитте» Нұралы Әліптен күші асқан ешкім жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенит» сапына 2022 жылдың басында ауысты. Бұған дейін ол алматылық «Қайрат» сапында ойнаған еді.

Материалда: