Карлос Фонсека «Ертістің» 100 млн теңге қарызын қалай кешірді?

Редактор
12.04.2024, 11:30

Шетелдік легионерлердің көбі «Ертістің» қарызын кешірген

Ертіс ФК

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының сапында өнер көрсеткен Карлос Фонсека өзіне берілуі тиіс қаражаттан 230 мың доллардан астам қаржыны кешіргені белгілі болды. Португалиялық легионердің мұндай қадағамға қалай барғанын клубтың танымал жанкүйері, штаттық құрамына кірмейтін кеңесшісі Алдияр Жапарханов «Бірінші бол» YouTube-каналында айтып берді.

Ол клубтың жағдайына алаңдап, банкроттыққа шақ қалған сәтте тарихи команданың жұмысын қайта жандандыру жолында атқарған жұмысы қалай жүргенін әңгімеледі.

«Ертіс» клубының жанашырымын. Клубта ресми жұмыс істемеймін. Амбассадор да емеспін. Ешқандай айлық алмаймын. Мені тек кеңесші деп айтуға болады. Кез келген уақытта бірге демеуші іздейміз. Маркетинг жағынан көмектемесін. Футболшылармен бірге қарыздар бойынша біз де сөйлестік. 

Ең бірінші кезекте клуб ойыншысы Арман Кеңесов қарызын кешірді. Оған телефон соққанда: "Алдик, егер сен сол жақта болсаң, кешіремін. Егер басқалар болса, мен білемін, олар жейді. Сондықтан мен бәрін қадалағалаймын" деп айтты. Арман өзіміздің бауырымыз. Артем Попов, Руслан Есімов секілді павлодарлық балалардың барлығы айлық алмаған. Арманға да клуб біраз қарыз болды. Ол "Ертістің" жақсы ойыншысы болғандықтан айлық табысы да жоғары еді. Бірақ біздің елде білесіздер, кейбір футболшылардың жарты айлығы басқа жаққа кетеді. Арманға үлкен құрмет! Ол қарызды толық кешірді. "Ертісте" ойнаған Павлодардың барлық ойыншылардың көбі солай істеді. Тіпті, легионерлер де сөйтті. Бапкерлердің ішінде Демитар Демитровпен мәселеге бойынша біраз талқы болды. Карлос Фонсека да 100 миллион теңге қарызын кешірді. Оның осынша ақшаны кешіргені бізді қатты тебірентті. Сербтер біраз жеңілдік жасады. Оларға ФИФА да көмектесті. Тек өз еліміздің 3-4 футболшысы ғана кешірген жоқ. Олардың атын айтпай-ақ қояйын. Барыншы келісуге тырысып едік. Бірақ оларды да түсінуге болады. Мен оларды кінәламаймын», - деді Алдияр сұхбат барысында.

Сондай-ақ, ол әңгіме барысында клубты сақтап қалу үшін облыс әкіміне кіріп, мәселеге қатысты әңгіме болғанын атады. Кейін жанашырларлар ұсынысымен әкімдік біраз мәселені қолға алып, нақты іске кіріскен көрінеді.