Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетін болды

Редактор
01.11.2023, 12:05

Онда 48 команда сайысқа түседі

Office Life

Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын Сауд Арабиясы иеленді. ФИФА тарапы бұл шешімді қазан айының соңына дейін қабылдап үлгерген.

Турнирді өткізуден үмітті болған Аустралия өз кандидатурасын ұсынудан соңғы сәтте бас тартқан. Олар 2034 жылы емес, алдағы 2026 жылы футболдан әйелдер арасында өтетін Азия чемпионаты мен 2029 жылғы клубтық әлем чемпионатын ұйымдастыруды көздеп отыр.

Әлемдік футбол қауымдастығының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино Сауд Арабиясында 11 жылдан кейін өтетін әлем чемпионатына қатысты қабылданған шешімді өзінше тәпсірледі. 

«Мысалы, футбол додасы 2026 жылы Солтүстік Америка құрлығында (АҚШ, Канада, Мексикада) өтетін болса, 2030 жылы Марокко мен Португалия, Испания елдерінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, әлем чемпионатының жүз жылдық мерейтойына орайы үш ойын Аргентина, Парагвай, Уругвай елдерінде өтеді. Ал одан кейінгі кезек реті бойынша Азия елдері өткізуі тиіс. Сондықтан ойлана келе 2034 жылғы әлем чемпионатын Сауд Арабиясына тапсыру шешімі қабылданды», - деді Джанни Инфантино.

2034 жылы Сауд Арабиясында өтетінде футбол тойы қыс айларында ұйымдастырылған екінші әлем чемпионаты болмақ. Өткен жылы Катарда өткен әлем біріншілігі қараша-желтоқсан айларында жалғасқан болатын.

Айта кететін тағы бір жайт, Сауд Арабиясындағы футбол чемпионатына алғаш 48 команда бақ сынағалы отыр. Оған дейін әлем біріншілігіне қатысатын ұлттық құрамалар саны 32 командамен шектелмек.