Еліміздің 19 спортшысы ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді

Редактор
03.11.2023, 08:54

Олардың арасында әлем және Азия чемпионы бар

Фото ашық дереккөзден

Антидопинге қарсы Ұлттық орталықтың ресми сайтында WADA ережесін бұзған Қазақстан спортшыларының есімі жарияланды. Zakon.kz сайтының жазуынша, 2023 жылы басы дауға қалған атлеттердің қатарында бірнеше спорт түрі бойынша спортшыларымыз бар. 

Тізімге ілінгендердің ішінде пауэрлифтер Аман Қапышев, джитсер Мақсат Есмұрат, киберспортшы Дарын Бейбітов, каноэшы Дильназ Сұлтанбек және жеңіл атлет Қалжан Мұзахан сынды спортшылардың есімі атылды. 

Сондай-ақ, ауыр атлет Фаиза Исмаилованың (дисквалификация мерзімі 27.07.2023-27.07.2026 жылдар аралығы) сынамасынан оксандролон, клостебол табылған. 

Ал Данил Ворошиловтан (08.04.2023-08.04.2026) кленбутерол, Әділет Нұрғалиден (24.05.2023-24.05.2026) метандиенон, Бағдат Маматқұлдан (04.05.2023-04.05.2025) метилгексанамин, Нұрғамит Дәулетханнан (26.04.2023-26.04.2027) метастерон, оралтуринабол, Анатолий Савельевтен (25.04.2023-25.04.2025) метилгексанамин, Богдан Краснянский (16.05.2023-16.05.2027) метастерон табылғаны белгілі болды. 

Сондай-ақ, допинг бойынша айыпталған Диана Салықовадан (11.05.2023-11.05.2025) метилгексанамин, Алина Колиушкодан (18.05.2023-18.05.2026) САРМС S-23, Атабек Нұриддиновтен (24.05.2023-24.05.2026) метилгексанамин, САРМС S-23, Айым Есжановадан (24.05.2023-24.05.2026) САРМС S-23, Өтепберген Әлиев (12.06.2023-12.06.2026) САРМС остарин, Анастасия Бетехтинадан (12.06.2023-12.06.2026) САРМС остарин және  Мария Синицынадан (12.06.2023-12.06.2026) САРМС Остарин белгілері анықталып отыр. 

Олардың ішінде 23 жастағы Анатолий Савельев 2017 жылы жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанған еді.  

Қазіргі уақытта бүкіләлемдік антидопинг агенттігі 2024 жылы Парижде өтетін арнайы жарыстарға қатысты арнайы ережені жариялады. Халықаралық Олимпиада комитетімен бірігіп әзірленген кодексте әлемдік стандарттарға сәйкес тыйым салынған препараттардың тізімі жазылған. 

Бұл ережелер 2024 жылдың 18 шілдесінде Олимпиада қалашығы ашылғаннан бастап 11 тамызына дейінгі аралықта қолданылады.

Материалда: