Посткеңестік елдер ішіндегі ең қымбат шабуылшылар тізіміне Қазақстаннан Самородов кірді

15.04.2024, 10:14
Қазақстан футбол федерациясы

Transfermarkt порталы посткеңестік елдер футболшыларының түрлі рейтингісін жасап жүр. Күні кеше сайтта ең қымбат шабуылшылардың тізімі шықты.

Рейтингтің бірінші сатысында «Наполи» мен Грузия ұлттық құрамасының шабуылшысы Хвича Кварцхелия бастап тұр. Оның трансферлік құны – 80 млн еуроны құрайды. Екінші орында – «Челсиде» ойнайтын украиналық форвард Михаил Мудрик – 35 млн еуро. Ал, үздік үштікті мәскеулік Ресей құрамасының өкілі Константин Тюкваин қорытындылады, оның құны – 12 млн еуро.

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов оныншы орында тұр. Оның нарықтағы құны 900 мың еуро деп көрсетілген. Футболшы қазір «Ақтөбе» клубында доп теуіп жүр.