Қазақстан футболында ақша тым көп, Еуропада бұлай төлемейді – «Атыраулық» легионер

15.04.2024, 11:31

Еуропалық футболшыларға ақша маңызды емес дейді ол

Атырау ФК

«Атырау» футбол клубының жартылай қорғаушысы Жоэль Каямба ҚПЛ-де ойнайтын футболшылардың жалақысы туралы айтты. Meta-ratings.kz сайтына сұхбат берген легионер Қазақстан мен Еуропа футболын да салыстырып көрді.

Каямба «Атырау» сапына биылғы маусымда қосылда. Барлығы бес кездесу өткізіп, ешқандай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

«Қазақстанда футболшыларға төленетін жалақы өзге еуропалық лигалардан әлдеқайда жоғары. Бірақ, Еуропада футболшы үшін басты құндылық ақша емес. Олар өсу үшін, даму үшін, жоғары лигаларға өту үшін барын салады. Ақшаны мүлдем ойламайды. Ал, Қазақстан футболында ақша тым көп. Франция чемпионатының тәуір клубтары ойыншыларына 40 мың еуро жалақы төлейді. Ал, Қазақстанда Чемпиондар лигасына өмірі қатысып көрмеген клубтар ойыншыларына осынша жалақы беріп отыр», - дейді конголық легионер.