Қос команда биыл ел чемпионы болуға таласатын фавориттер қатарында
20 сәуірде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті ойындары өтеді. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, маңызды үш ұпай үшін таласпақ.
Аталған матчта аншлаг болады деп күтілуде. «Аладоп» порталының жазуынша, қазірдің өзінде ақтөбеліктер 6 мың билет сатып алған. 20 сәуірге дейін олар тағы 4 мыңдай билет алуы ықтимал.
«Матч ұйымдастырушы тарап қонақ командаға билетті қымбаттып сатсада, “ақ-қызылдар” фанаттарының қайтары түрі жоқ. Осыны негізге ала отырып, онымен қоса, жергілікті жанкүйерлердің белсенділігін есептеп аталған ойында аншлаг болады деп отырмыз», - деп жазылған аталған хабарламада.
Айта кетейік, «Қайрат» 8 ұпаймен ҚПЛ көшін бастап келеді. «Ақтөбеде» 7 ұпай болғанымен, бір ойыны кем. Яғни, сырт алаңда «Қайратты» жеңсе, турнир кестесінің алғашқы үштігіне көтеріледі.