Адиев команданы қалай ойнату керегін білмейді – ресейлік футбол ардагері

Редактор
19.04.2024, 12:07

Магомед Адиевтің соңғы төрт ойыны де жеңіліспен аяқталды

Қазақстан футбол федерациясы

Мәскеудің ЦСКА клубының бұрынғы қорғаушысы Владимир Пономарев Ресей премьер-лигасының 25-турында кездесетін ЦСКА мен «Ахмат» матчына болжам жасады.

Грозныйдың «Ахмат» клубын қазіргі кезде Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады. 

«Ахматта» бапкер ауысқаннан бері өте қиын процесс жүріп жатыр. Команданың өзара түсіністігі жоқ. Келіспеушіліктер бар. Өткен турда «Балтикадан» ірі есеппен ұтылды. Бас бапкер қалай ойнату керектігін, қалай бейімделуі керегін білмей жүр. Сондықтан ЦСКА-ның жеңетініне күмәнім жоқ. Олар үш доп айырмашылығымен ұтады. Өйткені қарсыласы қазір шашылып қалған», - дейді Владимир Пономарев.

Айта кетейік, Магомед Адиев «Ахматтың» тізгінін ұстағалы екі матчта да жеңілді. Алдымен Мәскеудің «Локомотив» клубынан 0:2, сосын «Балтикадан» 1:7 есебімен ойсырай ұтылды.