Судья «Қайратты» өлтірді – Боранбаев ҚПЛ төрелігін ауыр сынады

Редактор
21.04.2024, 11:04

«Қайрат» – «Ақтөбе» матчы бұл жолы да драмаға толы болды

Meta-ratings.kz

«Қайрат» футбол клубы қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчынан кейін төрешілерді ауыр айыптады.

Сенбі күні «Қайрат» өз алаңында басты қарсыластарының бірі саналатын «Ақтөбеден» 1:3 есебімен жеңілді. Ойындағы алғашқы гол пенальтиден кірген. Төрешінің «Қайрат» қақпасына 11 метрлік айып добын белгілеуіне қатысты дау болған. 

«Төреші «Қайратты» алаңда «өлтірді». Мынандай төрелікпен Қазақстанда футбол дамымайды», - деді Қайрат Боранбаев ойыннан кейін.

Ал, әлеуметтік желіде пікір жазғандар Қазақстан судьяларының расымен де әділетсіз екенін айтып, Боранбаевты мұқатқандай болды. Есте болса, былтыр Қайрат Боранбаев алты жылға сотталған еді. Судья оның түрме жазасын шартты жазаға ауыстырып, сот залынан босатты.