«Жылқының сүт беретінін білмеппін»: әйгілі француз футболшысы Алматыға келіп, қымыз ішті (ВИДЕО)

Редактор
21.04.2024, 11:24

Ол эмоциясын жасыра алған жоқ

Instagram

Футболдан Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Флоран Малуда Алматыға келді. Мұнда ол «Super bol» жобасының құрметті қонағы болмақ.

Қазақстанға келе салысымен француз спортшысы қымыз ішіп көрген. Ол ұлттық сусынды ұрттағаннан кейін эмоциясын жасыра алмады.

«Мен Алматыдамын және қымыз ішкелі отырмын. Жылқының сүт беретінін бұрын білмеппін», - деді экс-футболшы.

Флоран Малуда «Челси» сапында жүріп Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2006 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.