Қазақстан дзюдошылары командалық сында қола жүлде үшін сынға түседі

Редактор
23.04.2024, 11:50

Бұған дейін жекелей сын бойынша Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова, Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған болатын

IJF

Қазақстан ұлттық құрама командасы Гонконгтағы Азия чемпионатында үшінші орын үшін күреседі.

Ел құрамасы жарыстың ширек финалында Үндістанмен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда Бақыт Құссақбаева (-57 кг), Асқар Нарқұлов (73 кг), Екатерина Токарева (70 кг) мен Айдар Арапов (-90 кг) күресіп, жапон балуандарына есе жіберді.

Енді қола жүлде үшін белдесуде Қазақстан командасы Түркіменстанмен кездеседі.

Бұған дейін жекелей сын бойынша Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова, Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған болатын. Ал Абиба Әбужақынова, Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар турнирді бесінші орынмен аяқтады.