Қырғыздар Орталық Азиядағы ең үлкен стадионның құрылысын бастады

Редактор
23.04.2024, 12:57

Стадионның дизайны киіз үйге ұқсайды

facebook.com/japarov.sadyr

Бішкекте 45 мың орынға арналған стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Нысан құрылысы екі жылдан кейін аяқталады және ол Орталық Азиядағы ең үлкен стадиондардың бірі болмақ.

Спорттық ғимараттың архитектурасымен 22 маман айналысуда. Олардың 12-і Түркиядан шақырылса, қалған 10-ы жергілікті архитекторлар.

«Стадион дизайнының өзегін қырғыз мәдениетінің мәңгілік бөлігі болған киіз үй феномені құрайды», - деп жазды Қырғызстан президенті.

Кешеннің 3600 автокөлікке арналған тұрағы, сауда қатары болады. Құрылыс жұмыстарына негізінен қырғыз азаматтары тартылған. Тура екі жылдан кейін мұнда алғашқы матч өтеді.