Семейде небәрі 10 мың орындық стадионды 12 млрд теңгеге салмақшы

26.04.2024, 00:23

Жаңа ғимарат УЕФА талаптарына сәйкестендіріледі

inform.kz

Семейде «Елімай» клубына арнап жаңа стадион салынатын болды. 10 мың орынға шақталған кешеннің құрылысына 12 млрд теңге жұмсалмақ деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.

Айта кетейік, Семейдің «Елімай» клубы 20 жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған команда қаржылық қиындықтарға байланысты ұзақ уақытқа жабылып қалған болатын. 

Биыл Бірінші лигадан Премьер-лигаға өткен «елімайлық» футболшылар өз үйіндегі ойындарын «Спартак» стадионында өткізіп жүр. Нысан тым тозып кеткендіктен, әкімдік оның орнына жаңасын салуды жөн санапты.

Жергілікті билік жаңа стадионды «Пищевик» аталып кеткен ескі стадионның орнына салатын болып шешті. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылады дейді.

«Бұл жаңа стадионда төрт қабатты әкімшілік ғимарат болады және судьялар мен VIP-тұлғаларға арналған трибунасы бар. Сондай-ақ, мұнда «Елімай» клубының басшылығы мен қызметкерлері отыратын кеңсесі де орналаспақ», - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Материалда: