Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Францияның футбол ардагері Клод Макелеле су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктермен кездесті

Редактор
26.04.2024, 11:03

Бұған дейін Қазақстанға тағы бір аңыз футболшы Флоран Малуда келген болатын

қазақпарат

Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы Клод Макелеле Ақтөбе облысына келді. Ол өңірде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, балаларға қолтаңба таратты деп хабарлайды Қазақпарат.

Футбол ардагері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жатақханасындағы уақытша орналастыру пунктіне барған. Ол балаларға футбол жейдесі мен доптарын сыйға тартып, болашағын футболмен байланыстарын жас өрендерге алаңда доп тебудің қыр-сыры, әдіс-тәсілдерін үйретті.

Есімі аңызға айналған футболшы Ақтөбе қаласына «Super bol» - таланттарды таңдауға арналған шараның құрметті қонағы ретінде келген. Жобаның мақсаты – әуесқой ойыншыларды кәсіпқой футбол деңгейіне дейін көтеру.

Жарнама
Жарнама