Оқиға Алматыда «Қайратпен» матчтан кейін болған
ҚПЛ-дің бесінші туры аясында Алматыда өткен «Қайрат» – «Ақтөбе» ойынынан кейін полиция ақтөбелік фанаттарды ұстап, жауапқа тартқан деп жазады Instagram әлеуметтік желісіндегі goalkz_official парақшасы.
Жанкүйерлерді қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазалаған көрінеді. Оларға хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Ал, кейбір фанатты 15 тәулікке қамап та қойған көрінеді.
Бұл ақпаратты ресми органдар әлі растаған жоқ.
Айта кетейік, аталған матч 3:1 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына аяқталды. Ойыннан кейін «Қайрат» басшысы Қайрат Боранбаев төрешіліктің әділетсіз болғанын айтып, арнайы мәлімдеме жасаған. Бірақ, төрешілердің шешімі бәрібір өзгеріссіз қалды.
Ал, Ақтөбеден келген мыңдаған жанкүйер бұл күні Алматы көшелерімен жүріп өтіп, метро станцияларының бірінде өз рәсімдерін жүргізді.