Клуб басшысы футболшыларға уәде берген
Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында өз алаңында Алматының «Қайратын» жеңген қызылордалық «Қайсар» ойыншылары үш еселенген бонус алады деп жазады Meta-ratnigs.kz сайты.
Еске салайық, аталған матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 90+4 минутында «Қайсар» сапынан Айбар Жақсылықов гол соғып, командасына чемпионаттағы алғашқы жеңісті алып келген. Қуанышы қойнына сыймаған клуб басшысы Садық Мұстафаев болса киім ауыстыру бөлмесіне келіп, футболшыларға ірі көлемде сыйақы беретінін мәлімдепті.
Бес ойыннан кейін төрт ұпай жинаған «Қайсар» турнир кестесінің 12-орнында келеді (кестеде барлығы 13 команда). Ал, соңғы екі матчта жеңілген «Қайрат» алтыншы орында тұр, оның еншісінде сегіз ұпай ғана бар.