Бауыржан Жолшиевтің виски ішіп отырған суреті желіге тарап кетті

Редактор
28.04.2024, 15:04

Оның экс-әріптесі көпшілікті арақ ішпеуге шақырды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ренат Абдулин Instagram желісінде ішімдікке сылқия тойған Бауыржан Жолшиевтің фотосын жария қылды.

«Менің футболшы інілерім, сендерге бір өтінішім бар: жігіттер ішпеңдер! Қандай қиындық болса да, ішімдіктен аулақ жүріңдер. Бұл жақсылық әкелмейді. Бауыржан Жолшиевті жақсы танисыздар. Мына суретім дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Бірақ кішкене ұялтқым келіп тұр. Мүмкін ол ойланар. Бәлкім, біреулер репост жасаған соң түсіне жатар. Сол себепті, менің тағы өтінішім: ішпеңдер. Бауыржан біздің футболшылар отбасынан. Сондықтан мен оның жақсы жаққа өзгергенін қалаймын»,- дейді Абдулин.

Бауыржан Жолшиев «Алматы» (2 матч), «Атырау» (45 матч, 3 гол), «Тобыл» (41 матч, 14 гол), «Астана» (50 матч, 9 гол) командаларында ойнаған.