Ертең Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысуы мүмкін – журналист

Редактор
28.04.2024, 17:32

29 сәуірде Әділет Бәрменқұлов пен Магомед Адиев баспасөз мәслихатын өткізгелі жатыр

Қазақстан футбол федерациясы

Соңғы уақытта футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевтің орнын босатуы мүмкін екені жиі айтылып жүр. 29 сәуір күні федерация басшылығының тілшілерге мәлімдеме жасайтыны туралы хабар бұл күдікті үдете түскен тәрізді деп жазады спорт журналисі Бек Төлеуов өзінің Telegram-каналында.

Өздеріңіз білетіндей, 5 сәуірден бастап Адиевтің ұлттық құрама мен Ресейдің «Ахмат» клубының тізгінін қатар ұстап келеді. Ал Грозный клубының бас директоры Ахмед Айдамиров Қазақстан футбол федерациясымен Адиевтің бұдан былай да екі жұмысын қатар алып жүруіне келісуден үмітті екенін білдірген. 

«Адиев «Ахматпен» алғашқы ойынынан бір күн бұрын келді. Соңғы уақытта ол Қазақстан құрамасында жұмыс істеп, өзінің білікті маман екенін дәлелдеді. 

«Балтикамен» ойынды алсақ, ол кезде не болғаны түсініксіз, жігіттердің өздері де түсінбей қалды, команда психологиялық тұрғыда дайын еместігі көрінді, бірақ ол соңына дейін күресуге қабілетті. ЦСКА-мен матчта жеңіліп тұрып, ойынды өзгертіп жібердік.

Адиевке «Ахмат» сенеді. Қазақстан футбол федерациясымен келісе аламыз және ол клубта қалады деп үміттенеміз», - деді Айдамиров.

Адиевтің клубпен келісімшарты маусым соңына дейін, ал ұлттық құрамамен келісімшарты жыл соңына дейін есептелген. 

Ал Магомед Мұсаұлы құрамадағы орнында қала ма, жоқ па, ол 29 сәуір күні белгілі болады. Себебі дүйсенбі күні федерация президенті мен бас бас бапкердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.