ПСЖ Франция чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алды

Редактор
29.04.2024, 10:51

Команда осымен үшінші жыл қатарынан Франция чемпионы атанып отыр

Getty Images

Футболдан Франция чемпионатының жеңімпазы үш тур ерте анықталды. Бұл жолы да Лига 1 чемпионатын «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубы жеңіп алды.

Турнирдің 31-туры аясында «Лион» мен «Монако» клубтары кездескен болатын. Тартысты өткен матчта алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша «Монако» 58 ұпаймен қалып, бірінші орынға шығу мүмкіндігінен біржола үміт үзді. Олар енді ПСЖ-дан 12 ұпай артта келеді.

Ал, ПСЖ болса осымен қатарынан үшінші жыл Франция чемпионы атанып отыр. Ал, клубтың басты сұрмергені Килиан Мбаппе осы маусымнан кейін командадан кетеді.