«Зенит» жанкүйерлері команданың жеңілісіне Нұрәлі Әліпті кінәлап жатыр

Редактор
29.04.2024, 10:56

Питерлік клуб турнир кестесінің екінші сатысына төмендеуі мүмкін

Зенит ФК

Ресей Премьер-лигасының 26-турында көш басында келе жатқан Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы үшінші орындағы Мәскеудің «Динамосынан» жеңіліп қалды (0:1). Команда жанкүйерлері бұған қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліптің де кінәсі бар деп санайды.

24 жастағы қорғаушы алаңға 73-минутта шықты. Оның ойынына Flashscore 6,4 балл қойды. Бұл төменгі көрсеткіштердің бірі. Нұрәліден төмен балды тек Нино (6,3), Ивана Сергеев (6,3) және Густаво Мантуан (5,9) алды.

«Әліп шықты, бірден гол жіберді», «Қазір қазақтар жабылып кетеді, байқа», - деп жазып жатқан жанкүйерлер көп.

Жалпы, Нұрәлі Әліп осы маусымда «Зенит» сапында 31 матчқа қатысқан. Ал ол ойнайтын «Зенит» әлі де бірінші орында. Бірақ бүгін «Краснодар» жеңіске жететін болса, екінші орынға түседі. Чемпионаттың аяқталуына төрт тур бар.