Әділет Барменқұлов «Астана Аренаға» газонды қайта төсеп беруге дайын

29.04.2024, 16:02

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы ойындарды қай стадионда өткізетіні әлі белгісіз

Getty Images

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Астана Арена» стадионындағы жасанды шөп жабындысы қайта төсеп беруге дайын. Және бұл қызметі үшін ол ақы алмайтынын да айтып отыр. Бұл туралы ҚФФ басшысы бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Еске салайық, «Астана Арена» стадионында «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының» ашылу салтанаты өтетін болып, ол жерде реконструкциялық жұмыстар басталып кеткен еді. Алайда, аталған салтанатты шара енді басқа орында өтуі мүмкін.

«УЕФА комиссиясы «Орталық» (Алматы) стадионды тексеруден өткізді. Нәтижесі 2-3 аптадан кейін дайын болады. Сонымен қатар, «Астана Аренадағы» көшпенділер ойынының өту-өтпеуі де белгісіз. Нақты шешімді осы аптада естиміз деп үміттенемін. Құраманың елордадағы стадионға оралуы үшін алаңды тегін төсеп беруге дайын екенімізді айтқым келеді», - дейді ҚФФ президенті.

Айта кетейік, «Астана Арена» – Еуропа футболының талаптарына сай келетін еліміздегі жалғыз алаң.