«Ақтөбе» фанаттары 15 тәулікке қамалған
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Қайратпен» кездескен «Ақтөбе» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осы ойында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған ақтөбелік бірнеше жанкүйерді полиция ұстап қамаса, тағы бірнешеуіне айыппұл салды. Осы жайттан кейін Ақтөбеде «Жанкүйер болу – қылмыс емес» деген ұранмен фанаттардың акциясы басталды.
Instagram желісіндегі «Матч.кз» парақшасының жазуынша, аталған акцияны «Қайраттың» жанкүйерлері де қолдап, өз беттерінше ұран тастауда.
Айта кетейік, қос команда арасындағы ойындардың көбі әдетте жанкүйерлердің төбелесімен аяқталатын. Бұл жолы ақтөбелік фанаттар Алматыдағы метро станцияларының бірінде жанкүйерлік рәсімін өткізіп, қала көшелерімен жүріп өткен. Дегенмен, тәртіпсіздіктерге барған жоқ.
Ал, ҚПЛ-дың алтыншы турында екеуі де жеңіліп қалды. «Қайрат» сырт алаңда «Қайсардан» 0:1 есебімен ұтылса, «Ақтөбе» Талдықорғанда «Жетісуға» жол берді.